Василий Лавренов Атом энергиясы жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары болды

Фото: Фото: kmg.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысының өкімімен Василий Лавренов Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Василий Сергеевич Лавренов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды, - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Атом энергиясы жөніндегі агенттік наурыз айында құрылды.