АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы Гамбургтегі бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері Василий Левит қараша айында Шымкентте өтетін Қазақстан чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Sports.kz.
«Оған себептерім бар. Әлем чемпионатында екінші айқастан кейін қолымды сындырып алдым, сол жарақатты емдету керек. Қазіргі уақытта сауықтыру курстарынан өттім, таяуда толыққанды жаттығу жұмыстарына кірісемін», - деді Левит.
Айта кетейік, бұған дейін турнирге қатыспау ниетін алдымен қалпына келіп алғысы келетін Данияр Елеусінов те білдірген болатын.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.