Василий Левит видео жолдауды Инстаграмдағы парақшасында орналастырды.
Шынымен де, 2013 жылы санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесі бойынша қоғамдық орындарда қорқор шегуге тыйым салған бас санитарлық дәрігердің қаулысы қабылданды. Қоғамдық орындардағы нысандарда, ел бойынша қорқор шегу орындарында зерттелген темекі түтігінен, қорқор сұйықтығы мен сауытта, бастапқы қоспадан алынған сынамадан қауіпті бактериялар табылды: атап айтқанда, көк іріңді таяқша, алтын түстес стафилококк, ішек бактериялары, зең саңырауқұлақтар. Қорқор сұйықтығы түтіктің сауытпен түйіскен жері - ауру тудырғыш бактериялардың көбеюіне ықпал етеді, ол жерде жылы әрі ылғалды, деп атап өтеді сарапшылар.