Чемпион Астанада онкологиядан емделіп жатқан жас жанкүйеріне барды. Оның балалық арманын орындады: 10 жастағы Әлинәби ауырғанға дейін спортпен айналысқан. Оның бір арманы Василий Левитті шынайы өмірде көру болатын. «@indi070 мейірімділер клубының еріктісі @vassiliy_levit-ке баланың өтінішін жеткізді. Бүгін ол Әлинәбиге кіріп шықты», - делінген хабарламада.
Кездесу барысында Левит балаға қолтаңбасымен бокс қолғабын сыйға тартты, Жаңа жылда оған тағы да сыйлық сыйлауға уәде берді. «Әлинәби қатты қуанды. Бұл шынымен де керемет болды», - деді клуб еріктілері.