Василий Левит Олимпиада жолдамасын ұтып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық боксшы Василий Левит 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада жолдамасын ұтып алды. Бұл туралы «Астана Арландарының» ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарланып отыр.

«Техникалық нокаутпен жеңіске жеткен Василий Левит маусым қорытындысы бойынша WSB рейтингінде бірінші орынды иеленді және Риодағы Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды», - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұның алдында хабарлағанымыздай, бүгін «Астана Арландары» сапында 91 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін В.Левит «Аргентина Кондорлары» клубының боксшысы Диего Бланканы техникалық нокаутпен жеңген болатын.