Василий Левит Сербия турнирінде «алтыннан» қағылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Василий Левит Белградтағы (Сербия) «Belgrade Winner» халықаралық турнирінде финалдық жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтық сында 91 келіге дейінгі салмақтағы Левит ресейлік Тимур Гамзатовпен айқасып, оппонентінен жеңіліп қалды.

Осылайша, қазақстандық ауыр салмақ спортшысы турнирдің күміс медалін қанағат тұтты.

Айта кетейік, финалға дейін ол Мохамед Барриді (Сьерра-Леоне) және Вагкан Нантизанянді (Греция) жеңген болатын.

В.Левиттің бокс мансабындағы жетістіктеріне келер болсақ, ол Олимпиаданың күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола медаль иегері және үш мәрте Азия чемпионы болды.