Ломаченко өзінің WBA Super, WBC Franchise және WBO нұсқалары бойынша чемпиондық белбеулерін бәске тікті. Лопес IBF титулын сарапқа салды.
Он екі раундқа жоспарланған жекпе-жекте екі боксшы толық жұдырықтасып шықты.
Айқаста төрешілердің бірауызды шешімімен (116-112, 119-109, 117-111) Лопес жеңіске жетті.
Осылайша, америкалық боксшы кәсіпқой бокстағы 16-шы жеңісін тойласа, Ломаченко екінші рет қарсыласына есе жіберді.
Бүгінгі жекпе-жектегі жеңісі арқылы Лопес жеңіл салмақтағы барлық титулды жинап, әлемнің абсолютті чемпионы атанды.