Василий Жиров боксқа қайта оралды

АСТАНА. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат - Бірінші ауыр салмақтағы IBF экс-чемпионы 35 жастағы Василий Жиров боксқа қайта оралуда,

деп   хабарлайды  Қазақстанның sports.kz. спорттық  порталы.

В.Жиров    қыркүйектің 17-сінде   АҚШ-та жекпе-жек  өткізеді  деп  күтілуде.      Қазақстандық  боксшының  қарсыласы  әзірге  жария    етілген     жоқ.    

Естеріңізге сала  кетейік,    Жиров өзінің  соңғы жекпе-жегін  2007 жылдың     шілде айында өткізіп,  Кенни  Кравенді   жеңген болатын.