Василий Жиров: Қанат Исламды қолдадым, себебі ол - менің жерлесім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұрынғы белгілі кәсіби боксшы, IBF нұсқасы бойынша бірінші ауыр салмақтағы әлем чемпионы, олимпиада чемпионы және әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Василий Жиров отандасы Қанат Исламды неліктен қолдағанын айтты, деп жазды Vesti.kz.

- Сіз бокстан кеткеніңізге қарамастан, БАҚ-та Қанат Исламды Хуан Де Анхельмен кездесуінде қолдауды ұсындыңыз. Бұған не себеп болды?

- Өйткені ол - менің жерлесім, - деді боксшы.

- Жекпе-жегін көрдіңіз бе?

- Уақыт болмады және теледидарды да көрмеймін.

- Қанатпен сөйлестіңіз бе?

- Әзірге жоқ... Болашақта орайы туар.

- Қандай жоба-жоспарларыңыз бар?

- Жауап айтпай-ақ қояйын.

- Қазақстанмен байланысы бар ма?

- Иә.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері қазақстандық боксшы Қанат Ислам колумбиялық Хуан Де Анхельді нокаутқа жіберіп, кәсіби рингте 21-ші рет жеңіске жеткен болатын.