Ол АҚШ-тың Аризона штатындағы Скоттсдейл қаласында орналасқан Scottsdale Boxing Gym спорт залында жаттықтырады.
Әлеуметтік желіде бапкерлік қызметін неліктен Қазақстанда жүргізбей жатқаны жайлы сұраққа Василий Жиров: «Мен қайда керек болсам, сонда жұмыс істеймін», - деп жауап берді.
Еске сала кетсек, 2017 жылы боксшы Қазақстанға келіп, Балқаш пен Қарағандыны аралап көрген. Бірақ оның Қазақстанда жұмыс істеу жоспарына жергілікті спорт шенеуніктерінен жауап болмаған еді.
Фото kfb.kz