Ватикан ЭКСПО-дағы павильонын әлем жаратылысына арнамақ

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ватикан мемлекеті Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесі аясында энергетикалық ресурстарды адамзат игілігіне қалай пайдалануға болатыны жайлы барлық қатысушы елдермен қарым-қатынас орнатуға мүдделі, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Ватикан - Киелі Тақ ЭКСПО-2017 көрмесін ұйымдастырушылардың шақыруын қабыл алып, аталмыш іс-шараға қатысатын болды. Көпшілігіңізде «Ватикан ЭКСПО-ға қатысуға не себепті қызығушылық танытты?» деген сұрақ туындауы мүмкін. Бірден айта кетейін, бұл бірінші рет емес. Ватикан осындай іс-шараларға бұрыннан қатысып келеді», - деді  Біртұтас адами дамуға ықпал ету Дикастерия префекті Питер Тарксон. Ватикан мұндай көрмелерге бұған дейін де қатысқан, ал соңғы онжылдықта - Севиль мен Миланда.

Оның айтуынша, Киелі Тақ, ең алдымен, маңызды мәселелердің кең спектрі бойынша қатысушы барлық тараптармен диалогты ұстап тұру үшін осындай халықаралық экспозицияларға, көрмелер мен іс-шараларға қатысуды қарастырады.

 

«Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесі аясында энергия мәселесі төңірегінде жиынға қатысқымыз келеді. Яғни, адамзаттың игілігі үшін энергия, энергетикалық ресурстардың адамзаттың игілігіне пайдалануға болатыны жайлы қарым-қатынас орнатуға мүдделіміз», - деп атап өтті Питер Тарксон.

Ватикан павильоны «Энергия баршаның игілігі үшін: Ортақ үйімізге қамқорлық» деп аталады.

«Күмбез түріндегі павильон жаратылыс пен қалыптасу сәтін бейнелейтін болады. Осылайша, әлем жаратылысының алғашқы кезеңіндегі өмір бастауын көрсеткіміз келеді», - деді Питер Тарксон.