Ватикан Интернетте өз телеарнасын ашты
08:48, 19 Қаңтар 2009
ВАТИКАН. Қаңтардың 19-ы. ҚазАқпарат - Ватикан Интернетте өз телерадиоарнасын ашты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Эхо Москвы» радиостансасына сілтеме жасап. Хабар тарату Google интернет-порталы арнайы бөліп отырған арнада келесі аптада басталады. Ватиканның баспасөз қызметінен хабарлағанындай, интернетте Рим Папасының қатысуымен түсірілген бейнероликті, Ватикан жаңалықтарын және діни мазмұндағы басқа да көптеген материалдарды тыңдауға болады.