АСТАНА. KAZINFORM – 14 ақпаннан бері пневмониядан ауруханада емделіп жатқан Рим Папасы Францисктің жағдайы жақсарып келеді. Бұл туралы Қасиетті Тақтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған, деп жазады Report.
– Рим Папасының жағдайы тұрақты, бұл ем-домның оң нәтиже беріп жатқанын көрсетеді. Аздап жақсарды деуге болады. Дегенмен дәрігерлер алдын ала бір болжам айтуға әлі ерте екенін айтты, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ Ватикан жексенбіде дәстүрлі уағыз оқылмайтынын хабарлаған. Оның мәтінін кейінгі өткен үш аптадағыдай, Қасиетті Тақтың баспасөз қызметі таратады.
Айта кетейік, бұған дейін Рим Папасы Францисктің жағдайы ауыр екенін жазған едік.
Нақтырақ айтқанда, Рим Папасы Франциск бронх қабынуын бастан өткерді.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы