Ватиканның ақпаратына сүйенсек, 66 жастағы Йозеф Весоловски қарқынды терапия палатасына жатқызылды. Судья сот үрдісін келесі күнге қалдырды.
Весоловски Доминикан республикасында 2008-2013 жылдарда балаларға сексуалдық сипатта зорлық көрсеткені үшін айыпталуда. Қазір ол Ватиканда үй қамағында.
Бұрынғы дін қызметшісі балалар порнографиясын сақтағаны үшін де айыпталуда. Бұдан бұрын осы жылы ол діни атағынан айырылған, деп жазады шетелдік БАҚ.