Ватиканда жаңа Рим Папасын сайлау басталды

Фото: Фото: Canva / Kazinform

Конклавқа қатысқан 133 кардинал Сикстин капелласына дейін cап түзеп жүріп өтіп, онда жаңа понтификті сайлау барысында не болатынын құпия сақтауға ант берді, деп хабарлайды ВВС. 

Осыдан кейін бөтен адамдар Сикстин капелласынан шығарылып, есіктер жабылды — «extra omnes» («бәрі шықсын») деген сөз айтылған сәт конклавтың ресми басталғанын білдірді.

Енді кардиналдарға сыртқы әлеммен кез келген байланыс жасауға тыйым салынды. Алдағы уақытта бірінші дауыс беру кезеңі өтеді, содан кейін Сикстин капелласындағы мұржадан түтін көтеріледі (дауыс беру бюллетеньдері пеште өртеледі).

Ақ түтін — жаңа Папа сайланғанын, ал қара түтін — сайлау жалғасып жатқанын білдіреді.

2005 және 2013 жылдардағы екі алдыңғы конклав екі күнге созылған болатын. Католик шіркеуінің жаңа басшысы қалай сайланады және бұл сайлаудың маңызы қандай екені туралы мына материалдан оқи аласыз.