Вавилон геометрия мен астрономияны Ежелгі Грекиядан бұрын қолданған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Гумбольдт атындағы Берлин университетінен Мэтью Оссендрийвер Вавилон тұрғындары Юпитердің аспан әлеміндегі орнын еуропалықтардан 1,8 мың жыл бұрын анықтауды үйренген деген тоқтаамға келді. Тарихшы зерттеу нәтижелерін Science журналында жариялаған, деп хабарлады Лента.ру.

Оссендрийвер бұл қорытындыға ежелгі вавилондық саз тақталарда сақталған төрт сына жазуын зерттеу арқылы келген. Зерттелген үлгілер біздің жыл санауымызға дейінгі 350-50-ші жылдарда жасалған және геометрияны аспан денелерінің орнын анықтауға пайдаланудың ғылымға белгілі ең ежелгі үлгісі.

Тақталарда Юпитердің аспан әлеміндегі орны трапецияны қолданылып есептеп шығарылғаны көрсетілген. Бұдан бұрын ғалымдар вавилондықтар аспан денелерінің орнын анықтауға арифметкианы қолданған деген пікірде болған еді.Зерттеулер вавилондықтардың астрономияны ежелгі гректерден бірнеше ғасыр бұрын қолданғанын көрсетеді.

Вавилон туралы алғашқы мәліметтер біздің жыл санауымыздағы ІІІ мыңжылдыққа жатады. Бұл қоныс шумердің провинциялық қалаларының бірі болған. Ежелгі мегаполис гүлденген кезінде халқының саны 150 мыңға жеткен. Қала біздің дәуірімізге дейінгі XVI ғасырда оны хетталар басып алғаннан кейін құлдырап, біздің дәуіріміздің І мыңжылдығында қираған.
Фото: Robert Harding / Globallookpress.com