«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығы биыл 25 жылдығын атап өтпек

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жылдың ішінде біздің еліміздің дамуы үшін көп жұмыс жасалды. Бағдарламалардың түгел дерлігі халықты әлеуметтік қолдауға бағытталды. Ендігі жерде елдің одан әрі дамуы көп жағдайда халықтың өзіне байланысты. Біз Қазақстанның экономикалық табыстылығының негізгі арқауы қоғамдағы бейбітшілік пен ұлтаралық келесемді сақтап, нығайтуымыз керек. Астана қаласы мәслихатының депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Башир Солсанов осындай пікір айтты, деп жазады astana.kz.

«Вайнах» шешен-ингуш этно-мәдени орталығы үшін биылғы жылы қос мерейтой. Негізгі мереке Ассамблеяның 20 жылдығынан басқа, тағы бір қуанышты жағдайға дайындық жүріп жатыр. Биыл орталық өзінің 25 жылдығын атап өтпек. Басқа да шығармашылық табыстардан бөлек, ұлттық атағы берілген, қаламызға белгілі «Вайнах» би ансамблі қауымның мақтанышына айналды. Жеті жылдан бері жексенбілік мектеп табысты қызмет етіп келеді, бұнда балалар ерекше ынтамен туған тілдерін үйренуде. Бірнеше жылдан бері әр ұлттың балалары қатысатын балалар вокалдық тобы да үлкендерді сүйсіндіріп келеді. Орталық жанынан каратэ, күрес, фитнеспен айналысатын толыққанды спорт клубы да ашылды. Бір сөзбен айтқанда, бұндағының бәрі өскелең ұрпақпен жұмыс істеуге бағытталған. - Достық пен толеранттылық дәл осыдан бастау алады, - деді, бізге орталықтың жағдайы мен жұмысын көрсете отырып Башир Солсанов. Би, ән, спорт, біріккен концерттер мен іс-шараларда адамдар ұйымдасып, бір-бірін түсініп, сыйлап, араласа бастайды. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев үнемі шақырып отыратын еліміздің халқын біріктіру дегеніміз осы. Қазақстан аумағында өмір сүретін аз халықтар үшін де бұның мәні зор. Ассамблея осы жылдар ішінде беделді ұйымға айналғанын түсіну көңілді марқайтады. Ассамблеядан 9 депутат Парламентке ұсынылған. Бұл ешбір елде жоқ. Қала және облыс әкімдері жанында әр түрлі форумдарға белсене ат салысып, ұсыныстарын айтып отыратын кіші ассамблеялар бар. Оларды тыңдап, кеңестерін назарға алатынын айта кету керек. Бұл қоғамдық институтқа салмақ берді. - Біз ұлтаралық келісім мен тұрақтылық Елбасымыздың еңбегі деген пікірді жиі естиміз, - деп сөзін жалғастрды депутат. Халық оған Ассамблеяның жұмысы үшін өте риза. Ең бастысы, қоғамда біздің халықтарымыздың мәдениетін, тілін, салт-дәстүрлерін дамыту керек деген түсінік бар. Бұның бәрі Қазақстан қоғамы үшін маңызды. Біз Ассамблеяның 20 жылдық мерейтойын дәл осындай нәтижемен қарсы алып отырмыз. Негізгі жұмыс атқарылды деп есептеймін. Дегенмен, жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне баса назар аудару керек. Тұрақтылықты нығайту күнделікті еңбекті қажет етеді. Біз бейбітшілікте, болашаққа деген сеніммен өмір сүруіміз керек. Дүние жүзінде қаншама дау-жанжалдар мен түсініспеушіліктер орын алуда. Бұдан халық пен ұлтаралық қақтығыстар болған мемлекеттердің экономикасы зардап шегеді. Мен әр үйде татулық пен түсіністік болсын деп тілеймін. Бір-бірін қолдау және сыйлау қазақстандықтарды көптеген жетістіктерге жеткізеді. Бүгінгі Қазақстанның жетістіктерінің бәрі ел ішіндегі қоғамдық-саяси жағдайға байланысты екені даусыз. Қазақстан халқы Ассамблеясының көп жылдық тәжірибесі 130-дан астам ұлт өкілдерінің бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүре алатынын дәлелдейді. Бұл елімізде ұлтаралық келісімді дамытуға зор көңіл бөлінетінінің нәтижесі. Қазақстанның біз мақтануға тиісті басты байлығы осы.