АЛМАТЫ. KAZINFORM – Алматы қалалық соты қаржы пирамидаларын құру ісі бойынша Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан түскен апелляциялық шағымды қарауға кірісті.
Қалалық соттың баспасөз қызметі аталған іс бойынша апелляциялық шағым қаралып жатқанын растады.
Былтыр маусым айында Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасын құру ісі бойынша сот үкімі шыққан болатын.
Аталған қылмысққа қатысы бар Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовтан басқа сотталушылардың барлығы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша кінәлі деп танылды.
Сот қаулысымен Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.