АСТАНА. Желтоқсанның 26-сы. ҚазАқпарат - «ВАЗ» және «КамАЗ» көліктерінің соқтығысуынан 5 адам зардап шекті.
Бұл ақпаратты ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі беріп отыр.
Ведомствоның хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы кеше Алматы-Ташкент жолының 511-ші шақырымында орын алған. Апат салдарынан «ВАЗ» көлігінің жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы ауруханаға жеткізілген.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.