Ведомстволардың танымалдығы жағынан Қорғаныс министрлігі үшінші орында

АСТАНА. 13 ақпан. ҚазАқпарат - Орталық үкімет органдарының танымалдығын бағалауды жалғастырып жатқан «Exclusive» журналының деректеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі III орын алды.

Аталған ведомствоның мәліметінше, биыл «Қазақстан министрліктерінің ашықтық танымалдығын зерттеуде басты жеті өлшем негізге алынды. Өткен жылдағы танымалдығын анықтауда ғаламтор қорларына шолу және талдауға сүйенсе, биыл азаматтардың электронды өтініштеріне жауап беру және министрліктердің өзіне жүктеген міндеттерін іске асыру қабілеті де ескерілді. Себебі ғаламтор ведомстволардың ашықтығы жолында тағы бір қадам болып табылады.

Сонымен, Қазақстан министрліктерінің «Чемпионат-2011» сайысында «өзіне жүктеген міндеттер пайызы» бойынша республикамыздың қорғаныс ведомствосы қолаға ие болды. Бюджеттік бағдаралама, сонымен қатар Қорғаныс министрлігінің блогына келіп түсетін хабарламаларға уақытында және толықтай жауап қайтаруы да оның танымалдығын анықтауда ескерілген болатын.