«City Transportation Systems» компаниясының мәліметінше, веломаусым ашылған 15 сәуірден бері жаңа пайдаланушылар саны 6 265 адамға артты. Велосипедпен жүруді ұнататын тұрғындар барлығы 172 638 сессия жасап, 397 823 шақырым жол жүріп өткен.
Қала бойынша барлығы 155 станция орналасқан. Оларда 1000 велосипед бар. Стандартты бір айлық абонемент бағасы 2500 теңге. Сондай-ақ жеңілдіктер бар. Абонементтерді сатып алу, екі дөңгелекті көлікті жалдау бойынша барлық ақпарат www.velobike.kz сайтында жарияланған. Велосипедтерді 24/7 режимінде қолдануға болады.