Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында қазақстандық велошабандоздар чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ел құрамасы сапында Алексей Луценко, Евгений Федоров, Дмитрий Груздев және Глеб Брусенский сынға түсті.
Дүбірлі додада 210 шақырымға созылған бәсекеде Евгений Федоров мәре сызығын бірінші болып қиса, екінші орын Алексей Луценкоға бұйырды.
Айта кетсек, Алексей Луценко шосседегі веложарыста үздік шықты.
Осылайша жалпы командалық есепте Қазақстан құрамасы қоржынына алтыншы алтын түсті.
Еске салсақ, бұдан бұрын Азия ойындарында каратэші Нұрқанат Әжіқанов финалға шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.