Жарыстың соңғы күні ерлер арасындағы топтық жарыс өтіп, Қазақстан спортшысы Андрей Мизуров қола жүлде алды. Ол ерлер арасындағы жекелей жарыста күміс жүлде алған еді.
Топтық жарыс. Ерлер:
1. Мураджан Халмуратов (Өзбекстан) - 3:33:59
2. Арвин Моаземи Гоударзи (Иран) - 0:12
3. Андрей Мизуров (Қазақстан) - 0:17
Қазақстан велошоссе бойынша Азия чемпионатында үш алтын, үш күміс, екі қола жүлдемен жалпы есепте бірінші орын алды.