Қарағандыдағы күннің салқындығына, желге, жаңбырға қарамастан жарыс жоспар бойынша сағат 08.00-де басталды.
Тас жолға бірінші ерлер, 45 км қашықтыққа жекелеген жарысқа, кейін 30 км қашықтыққа жекеленген жарысқа андерлер шықты. Қазақстанның атынан Дмитрий Груздев (ерлер) мен Виктор Окишев (андер). 45 км қашықтыққа ерлер арасында жекеленген жарыста алтын медальды қазақстандық Дмитрий Груздев иеленді. Ол қырғызстандық спортшы Вакер Югенді 1.19.20 сек озып шықты. Бұл Азия Чемпионатында Дмитрийдің алғашқы алтын медалі (2011,2012 жылдары Дмитрий Азия Чемпионаттарында күміс жүлдесін иеленген). 30 км қашықтықта андерлер арасында жекеленген жарыста алтын медальды Петропавл қаласының спортшысы Виктор Окишев алды. Ол мәреге 42.20.98 сек нәтижесімен жетті. Ертең, 30 мамыр күні 120 км қашықтыққа жасөспірімдер арасындағы тас жолда және 75 км қашықтыққа жасөспірім қыздар арасында жарыстар өтеді.
29 МАМЫРДЫҢ ҚОРЫТЫНДАСЫ Жекеленген жарыс (45 КМ, ерлер): 1 Орын - GRUZDEV Dmitriy (Груздев Дмитрий) -Қазақстан 2 Орын - EUGEN Wacker (Юген Вакер) - Қырғызстан 3 Орын - CHOE Hyeongmin (Чо ) - Корей
Жекеленген жарыс (30 КМ, Андерлер) 1 Орын - OKISHEV Viktor (Окишев Виктор) - Қазақстан 2 Орын - PARK Sanghoon (Парк Сангхун) - Корей 3 Орын - LEUNG Chun Wing (ЛЮН Чун Вин) - Гонконг