Велосипедші жол апатынан зардап шекті

АСТАНА. 17 шілде. ҚазАқпарат - Кеше шамамен таңғы сағат 9-да М-1 көпірі жағынан Сарашық көшесі арқылы Ақмешіт көшесіне бет алған «Ниссан еуропа» көлігінің жүргізушісі Түркістан көшесімен қиылысқан жерде

көліктер қозғалысына сәйкес оңнан солға белгіленбеген жерден өткен велосипедшіні қағып кетті.

Жол апаты салдарынан 28 жастағы жігіт жіліншігінің ашық жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізілді. Велосипедші ем-домды ауруханада қабылдайды.

Жаз басталысымен Астана қалалық жол полициясы басқармасында велосипедшіні қағып кетудің 7 оқиғасы тіркелді. Оның бесеуінде жол апатына велосипедшілер кінәлі болған.