Велосипедтен құлап қалған астронавт ғарышқа ұша алмайтын болды - ВВС

None
АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Американдық астронавт Тим Копра, велосипедтен құлап қалуының салдарынан келесі шаттлдың экипажымен ғарышқа ұша алмайтын болды.

"Оны ғарышкер Стив Боуэн алмастырады", - деп хабарлайды ВВС телекомпаниясы.

Шаттлдың соңғы миссияларының бірінің ұшу сапары түрлі техникалық проблемаларға байланысты, бұған дейін бес рет кейінге ысырылды.