Велоспорт: «А. Контадор «Тур де Франс» көпкүндігінде жалпы есепте 1-ші орынға шықты

АСТАНА. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Әйгілі «Тур де Франс-2010» көпкүндігінің 15-ші кезеңінен кейін «Астана» командасының өкілі испаниялық Альберто Контадор жалпы есепте 1-ші орынға шығып, үстіне сары жейдені киді.

Бұл кезеңде А. Контадор басты қарсыласы «Saxo Bank» командасының өкілі люксембургтік Энди Шлектен 0,39 секундқа озып кетті, сөйтіп жалпы есептегі уақыт айырмашылығын 8 секундқа арттырды. Бұл кезеңде мәреге 14-ші болып келген «Астана» командасының тағы бір өкілі жерлесіміз Александр Винокуров жалпы есепте 9-шы орынға көтерілді. Ол А, Контадордан 7 минут 12 секундқа қалып келеді.