Қазақстандық Алексей Луценко «Түркия туры» велоспорт көпкүндігінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Kazinform.
Бірнеше күнге созылған веложарыстың соңғы күнінде «Alpecin-Deceuninck» намысын қорғайтын бельгиялық Йеспер Филипсен мәре сызығын бірінші болып қиды. Екінші орын «Астана» намысын қорғайты, нидерландтық Кейс Болға бұйырса, үздік үштікті италиялық Джованни Лонарди («EOLO-Kometa») түйіндеді.
«Астана» капитаны Алексей Луценко жарыстың аталған сатысында сегізінші келді және велокөпкүндіктің бас квалификациясын бірінші орынмен аяқтады.
Қазақстандық команда сапынан Микеле Гадзоли - 13, Харольд Техада - 28, Глеб Сырица - 121, Марк Кавендиш - 126-орынға жайғасты.
Айта кетсек, қазақстандық Алексей Луценко Азия ойындарында шосседегі веложарыста ұзындығы 39,6 шақырым қашықтықта 48:05.75 нәтижемен үздік шықты.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.