деп хабарлайды ҚазАқпарат.
207,5 шақырымға созылған 15-інші кезеңнің мәресі, яғни соңғы 8 шақырымы тауға қарай жарысумен аяқталды. А. Контадор бұл кезеңді 5 сағат 03,58 секундта жүріп өтті. Екінші келген «Saxo Bank» командасының шабандозы люксембургтік Анди Шлеек одан 43 секундқа, ал үшінші келген «Liquigas» командасының спортшысы итальяндық Виченцо Нибали 1 минут 03 секундқа қалып қойды.
Жалпы есепте екінші орында «Астана» клубының тағы бір мүшесі американдық Лэнс Армстронг тұр. Ол А. Контадордан 1 минут 37 секунд қалып келеді. Үшінші орынға «Garmin-Slipstream» командасының спортшысы ұлыбританиялық Уиггинс (1 минут 46 секунд) бекіді. Төртінші орынға «Астана клубының» тағы бір белді мүшесі германиялық Андрес Клоден (2 минут 17 секунд) орналасты. Жарыс жалғасуда.