Велоспорт: Дастан Ордабай екі алтын медаль жеңіп алды

Фото: Фото: Спорт комитеті

Аустралияның Балларат қаласында осы жылдың 2-8 қаңтар аралығында Әлемдік Virtus Cycling World Series 2024 додасында қазақстандық Дастан Ордабай екі түрлі қашықтықтан 2 алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazinform. 

ҚР Туризм және Спорт миниcтрлігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, аталған додаға Аустралияның велоспорт федерациясының (AusCycling) және Sport Inclusion Australia-ның бірігуімен бүкіл әлемнің мықты велосипедшілері бақ сынаған.

Қазақстаннан аутистік спектр ерекшелігі бар «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің пара - атлеті Дастан Ордабай ұсынылды. Дастан ii-3 (зердесі зақымдалған) санат бойынша 18,8 км қашықтықтағы жеке жарыста уақытқа (Time trial) және 5,5 км қашықтықта критериумге (Criterium) қатысты. Нәнтижесінде аталған қышықтықтан ешкімге дес бермей, бас жүлдені қанжығасына байлады.

«Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған спорт федерациясы» РҚБ-нің президенті Дина Темиргалиева «Дастан Ордабай өз еліне екі алтын жеңіп, тұңғыш азиялық аутист спортшы атанып, Қазақстан тарихына өз үлесін қалдырды», - деп атап өтті.

Жарыс Аустралияның Virtus мүшесі болып табылатын Аустралияның велоспорт aедерациясымен (AusCycling) және Sport Inclusion Australia бірлесіп ұйымдастырылды, сондай-ақ, UCI бақылауымен және жетекшілігімен өткізілді. 

Фото: Спорт комитеті

«Para cycling чемпионаты World Cycling Series-ке кіреді. Оған 62 пара - атлет қатысты. UCI Para-cycling класстары дене, көз, интеллектуалды бұзушылықтары бар, сондай-ақ есту бұзушылықтары бар спортшылар үшін ашық», - деп көрсетілген хабарламада.

Бүгін Астана қаласының халықаралық әуежайында Дастан Ордабайды салтанатты күтіп алу шарасы болады.