АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан спортшысы Екатерина Юрайтис велоспорттан Азия чемпионатында 15 шақырымға жеке жарыста алтын медаль иеленді.
Айта кетерлігі, бұл Е.Юрайтистің осы Азия чемпионатындығы үшінші алтын медалі. Бұған дейін ол елордада өткен тректегі жарыста 2 медаль жеңіп алған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін Әлішер Жұмахан Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанған еді.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.