Велоспорт: Қызылордалық Ғабиден Әзен Азия чемпионы атанды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 6-11 ақпан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында тректен жастар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында сырбойылықтар 2 медальді иеленді, - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.



Жастар арасында өнер көрсеткен Ғабиден Әзен (№3ОВЖОРМ) командалық жарыста Азия чемпионы атанса, скретч сайысында ересектер арасында сынға түскен облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшысы Роберт Гайнеев қола жүлдені еншіледі.

 

Енді Ғабиден Әзен мамыр айында Астана қаласында болатын ҚР IV Жастар спорт ойындарына қатысады.

 

Спортшыларды жарысқа Руслан Ягафаров, Кеңес Оразалиев және Жандос Махамбетов дайындады.