Бүгін ерлер 40 шақырымға, әйелдер 25 шақырымға жарысудан жүлделерді өзара сарапқа салды. 25 шақырымға созылған әйелдер арасындағы бәсекеде Солтүстік Қазақстан облысының өкілі Махаббат Үмітжанова жеңімпаз атанды. Ол аталған қашықтықты 0:39,39 уақыт көрсеткішінде жүріп өткен. Екінші орынды СҚО-ның тағы бір спортшысы Наталья Сайфутдинова иеленді. Үздік үштікке павлодарлық Рината Сұлтанова енген.
Бұдан бұрын ерлер арасындағы жекелей сын бәсекесі Алексей Луценконың жеңісімен аяқталғанын хабарлаған болатынбыз.