Велоспорттан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
18:04, 27 Маусым 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда тас жолдағы велоспорттан Қазақстан чемпионаты басталды. Бүгін біріншіліктің алғашқы жеңімпазы мен жүлдегерлері де анықталып үлгерді. Даниил Фоминых 50 шақырымға созылған жекелей сында чемпион атанды, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА тілшісі.
Ол бұл қашықтықты 1 сағат 3 минут 42 секундта жүріп өтті. Даниилдан 1 минут 7 секундқа қалып қойған Игорь Чжан - екінші, Андрей Зейц - үшінші орынды иеленді. Сондай-ақ Жандос Бижігітов (1:05:22,32) - төртінші, Алексей Луценко (1:05:25,03) бесінші болып мәре сызығын кесіп өтті.
Бүгін әйелдер мен жасөспірімдер арасындағы жекелей сын бәсекелері өтеді.