ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жасөспірімдер арасында Евгений Федоров Қазақстан чемпионы атанса, Глеб Брусенский мен Игорь Юсифов күміс және қола жүлдегерлер атанды.
Әйелдер арасындағы жекелей сында (25 шақырым) Наталья Сайфутдинова мәреге бірінші келді. Фаина Потапова күміс, Татьяна Генелева қола жүлде алды.
Жасөспірім қыздар арасында (20 шақырым) Светлана Пащенкоға тең келер ешкім болған жоқ. Ал Марина Курносова мен Анжела Соловьева күміс пен қола медальді сәйкесінше қанжығаларына байлады.
Естеріңізге сала кетейік, кеше 50 шақырымға жекелей жарысудан Даниил Фоминых чемпион атанған болатын. Велоспорттан Қазақстан біріншілігі 1 шілдеге дейін жалғасады.