АСТАНА. KAZINFORM — Аичи-Нагояда (Жапония) өтетін 2026 жылғы Азия ойындарында тректегі велоспорттан сынға түсетін Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды.
Ресми тізімге келесі спортшылар енді:
- Әлішер Жұмақан;
- Максим Хорошавин;
- Илья Карабутов;
- Дмитрий Носков;
- Рамис Дінмұхаметов;
- Андрей Чугай;
- Кирилл Курдиди;
- Дмитрий Резанов;
- Данияр Шаяхметов;
- Рината Сұлтанова.
Айта кетейік, ХХ Азия ойындары аясында велотрек бәсекелері 29 қыркүйекте басталады.
Еске салайық, бұған дейін Шанлода (Қытай) жағажай волейболынан Азия чемпионаты басталды. Құрлықтық біріншілікте Қазақстан құрамасының жұптары алғашқы ойындарын өткізгенін хабарлағанбыз.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.