АСТАНА. ҚазАқпарат - Велотректен Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Азия ойындарына қатысатын спортшылардың есімі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ҚР ҰОК-нің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта мен Палембанг қаласында өтетін Жазғы Азия ойындарына велотрекшілер екі бағдарлама бойынша (спринт және темп) сынға түседі.
Спринтерлер жарысына Қазақстан сапынан 4 спортшы қатысады. Олар - Павел Воржев, Сергей Понамарев, Максим Налетов, Багдан Рудер.
«Темп» жаттығуы бойынша 7 спортшы сынға түседі. Олар - Артем Захаров, Тұрар Асылхан, Роман Василенков, Никита Панасенко, Роберт Гайниев, Әлішер Жұмахан, Сұлтанмұрат Миралиев.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.