«Әдетте халықаралық дәрежедегі барлық веложарыстарда жеңіске арналған сыйақы тек жеңімпазға беріліп қоймайды. Алдымен оның 15 пайызы қызмет көрсетуші құрамға беріледі. Олардың арасында механиктер, массаж жасаушылар, дәрігерлер және басқа да тұлғалар бар. Ал қалған сома, әділ болуы үшін жарысқа қатысқан команда мүшелеріне тең бөлінеді. Өйткені, веложарыстардағы жеңіске бүкіл команда атсалысады», - деді А. Шефер.
Айта кетелік, «Astana Pro Team» командасының велошабандозы Алексей Луценко Халықаралық «Алматы туры-2015» веложарысында осымен екінші рет жеңісе қол жеткізді. Оның көрсеткіші - 4 сағат 13 минут 09 секунд.
Ал өткен жылғы жарыста ол 186 шақырымдық қашықтықты 4 сағат 12 минут 17 секундта басып өткен болатын.
Екінші орында Фабио Ару - «Astana Pro Team» командасының велошабандозы. Ал Katusha (Ресей) велокомандасының саңлағы Павел Кочетков үшінші орынға ие болды. Жеңімпазға 15 мың еуро табыс етілді. Екінші және үшінші орын алғандар сәйкесінше 10 мың және 5 мың еуроға ие болды.
Былтыр ауа-райы салқындау, ал биылғы жарыста күн ерекше жылы болды. Таң ата бұлттар сейіліп, күн жарқырай шықты. Ауа температурасы 20 градустан асты.