Вена әуежайында ондаған рейстер кейінге қалдырылды және алынып тасталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Австрия астанасының Швехат әуежайында техникалық себептерге байланысты ондаған рейістер кейінгі қалдырылды және алынып тасталды. Бұл туралы әуежайдың сайтында хабарланды, деп жазады ТАСС.

«Еуробақылау мен австриялық әуе қозғалысы басқармасы арасындағы ұшулар жоспары мәліметтерін берумен байланысты техникалық проблемалар қазіргі кезде рейстерді кешіктіруге және алып тастауға әкеп соқтырды», - делінген хабарламада.

Кейінге қалдырылған рейстердің жолаушыларына авиакомпаниялармен байланысқа шығу ұсынылды.

Әуежайдың хабарламасында сондай-ақ кешіктіру 29 тамызға дейін созылуы мүмкін екені айтылған, осыған байланысты жексенбі және дүйсенбі күндері әуежайдан екі қосымша пойыз Венаның орталығына қарай іске қосылады.