Вена балының демеушісі, миллиардер Рихард Люгнер 91 жасында дүние салды

ВЕНА. KAZINFORM – Аустриялық миллиардер, бұрынғы құрылыс мердігері және президенттікке тәуелсіз кандидат Рихард Люгнер 91 жасында Венадағы үйінде қайтыс болды. Бұл туралы Euronews хабарлады. 

Фото: ©Getty IMAGES/Рихард ЛЮГНЕР

Ол Вена балының ұзақ уақыт бойы демеушісі болды және жыл сайын әлем жұлдыздарын шақырып, оларға жоғары гонорар төлеп келді. 

Люгнер Аустриядағы президенттік сайлауға екі рет тәуелсіз кандидат ретінде қатысты. 1998 жылғы сайлауда ол 9,91% дауыс жинап, бес кандидаттың арасында төртінші болды. Келесі жылы өткен парламенттік сайлауға қатысу үшін Люгнер «Die Unabhängigen» («Тәуелсіздер») деп аталатын жеке платформа ұйымдастырды.

Платформа небәрі 1,02% дауыс жинап, Австрияның Ұлттық жиналысынан орын алған жоқ.

2016 жылғы президенттік сайлауда 84 жастағы Люгнер ең қарт кандидат атанды. Ол 2,26% дауыс жинап, болашақта сайлауға қатыспайтынын жеткізген еді. 

1990 жылдың қыркүйегінде Люгнер Венаның жұмысшы ауданында Аустриядағы жетінші үлкен ауданда өзінің «Люгнер Сити» сауда орталығын ашты. 1992 жылы миллиардер танымал әнші және актер Гарри Белафонтені супермаркетке әкеліп, оны әлемге әйгілі Вена опера балына шақырды. Содан бері ол жыл сайын атақты адамға өзінің сауда орталығына бару үшін ақша төлеп, содан кейін оны Вена опера балына қонақ ретінде ертіп жүрді.

Люгнердің Вена опера балындағы жұлдызды қонақтары: Гарри Белафонте (1992), Джоан Коллинз (1993), Ивана Трамп (1994), Софи Лорен (1995), Грейс Джонс (1996), Сара Фергюсон (1997), Ракель Уэлч (1998), Фэй Данауэй (1999), Жаклин Биссет (2000), Фарра Фосетт (2001), Клаудия Кардинале (2001), Памела Андерсон (2003), Энди Макдауэлл (2001), Джери Холливелл (2005), Кармен Электра (2006), Пэрис Хилтон (2007), Дита фон Тиз (2008), Николетт Шеридан (2009), Дитер Болен (2010), Карима «Руби» эль-Махруг пен Ларри Хагман (2011), Бриджит Нильсен және Роджер Мур (2012), Мира Сорвино мен Джина Лоллобриджида (2013), Ким Кардашьян (2014), Элизабетта Каналис (2015), Брук Шилдс (2016), Голди Хоун (2017), Мелани Гриффит (2018), Эль Макферсон (2019), Присцилла Пресли (2024).

Оның шиеленіскен жеке өмірі де бұқаралық ақпарат құралдарының тұрақты қызығушылығын тудырды. Люгнер алты рет үйленген және төрт баласы бар. 2024 жылдың маусымында 42 жастағы Симон Рейлендертпен арадағы некесі екі айға созылды.

Рихард Люгнер соңғы уақытта денсаулығына қатысты мәселелерге көбірек алаңдады. Шілде айында оның жүрегіне операция жасалған еді.