Вена храмында атыс болды

ВЕНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат – Австрия елордасында бүгін белгісіз алты адам индуистік храмға басып кіріп, онда отырған адамдарға оқ жаудырған.

Оқиға салдарынан 11 адам жараланған, олардың бесеуі ? бастан жарақат алып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Utro.ru сайтына сілтеме жасап. Қылмыскерлер ұсталды. Полицияның ақпараты бойынша, бұл оқиғаға индуизмнің түрлі ағымдары өкілдерінің арасындағы діни келіспеушілік себеп болған.