Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлады.
Атап айтқанда, Швейцария инспекторының қатысуымен Францияның инспекциялық тобы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының басқармасында және № 85395 әскери бөлімінде болды. Тексерудің мақсаты - өңірде орналасқан қазақстандық әскери бөлімдермен танысу.
Тексерушілерге арналған брифингке ҚР Қорғаныс министрлігі жанындағы Қару-жарақты қысқартуды және инспекциялық қызметті қамтамасыз етуді бақылау жөніндегі орталықтан полковник Анарбек Ахметалин, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары полковник Сұлтан Камалетдинов, жедел басқарманың офицерлері, № 85395 әскери бөлімнің командирі полковник Қайдар Қарақұлов қатысты.
Брифинг барысында «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы мен № 85395 әскери бөлімінің өкілдері, әскерилердің қазіргі кезеңдегі тапсырмаларымен және жауынгерлік дайындық мәселелері, сондай-ақ өңірлік қолбасшылықтың құрылу тарихы мен инфрақұрылымы туралы, жеке құрамның халықаралық жаттығуларға қатысуы, қызмет пен спортта жеткен жетістіктері жөнінде хабардар етті.