Венада атомды бейбіт мақсатта дамытудың перспективаларына арналған МАГАТЭ сессиясы ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) Бас конференциясының 58-ші сессиясы Австрия астанасында ашылмақ.

Апта бойы 150-ден астам мемлекеттің өкілдері ядролық энергетиканы дамыту перспективаларын, ядролық қауіпсіздік бөлігінде «проблемалық» елдер мен өңірлердің келешегін талқылайтын болады.

Конференция аясында өткізілетін ғылыми форум бұл жолы радиактивті қалдықтармен жұмыс істеу мәселелеріне арналады.