Бұл жөнінде бүгін Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов апталық брифинг барысында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Шекарадан өту орындарын лайықты нығайту және халықаралық авто- және теміржол көлік қатынастары қауіпсіздігін арттыру» атты форум ақпанның 1-і мен 2-сі аралығында өтеді. Оған Ұйымға мүше елдердің мемлекеттік органдары, халықаралық үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдар, іскерлік және сарапшылар топтарының өкілдері, жалпы саны 300-ге тарта қатысушылар тіркелген.
А. Әбдірахмановтың айтуынша, форумға қатысатын қазақстандық делегацияны Көлік және коммуникация министрінің орынбасары Азат Бектұров бастап барады.