Венада «Еуровидение-2015» конкурсы салтанатты түрде ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Венада «Еуровидение-2015» басты музыкалық конкурсы салтанатты түрде ашылды, деп хабарлады www.lifenews.ru.

Қатысушы қырық елдің делегациясы - Австрия астанасының ратушасында бас қосты. «Еуровидениенің» өткен жылдардағы әндерінің әуенімен қатысушылар қызыл кілем төселген жолмен өтті. Шеруді өткен жылғы конкурстың жеңімпазы, сақалды әйел Кончита Вурстың образын бейнелеген австриялық Томас Нойвирт ашты.

Конкурс 23 мамырға дейін созылады.