Венада «Қазақстандағы саяси даму және парламентаризм» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды

ТАНА. 11 қазан. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәмидің жұмыс сапарының аясында кеше, 10 қазанда Венада «Қазақстандағы саяси даму және парламентаризм» тақырыбы бойынша дөңгелек үстел отырысы болды.

Аустрия Федералды жиналысының ғимаратында болған шараға Қазақстан Сенатының төрағасы Қ.Мәми қатысып, сөз сөйледі, деп хабарлады ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Басқосуға қатысқан Аустрия Парламентінің депутаттарына, «Аустрия-Қазақстан» парламенттік ынтымақтастық тобының мүшелеріне арнаған сөзінде Қ.Мәми Қазақстандағы саяси үдерістерді дамытудағы өкілді демократиялық институттың маңызды рөлін атап өтті.

«Қазақстан Парламенті маңызды мемлекеттік міндеттерді шешуге белсенді түрде қатысып келеді, Қазақстан мемлекеттігінің табысты құрылысы жөніндегі стратегиялық идеяларды заңнамалық тұрғыда сапалы қамтамасыз етуде», - деді төраға және ол қазақстандық парламентаризмнің даму және нығаю сатыларына тоқталды.

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қажетті заңнамалық негіз жедел түрде қалыптастырылды, нарықтық экономиканың құқықтық негіздері жасалды, қоғам тіршілігінің маңызды салаларын реттейтін заңдар қабылданды.

«Алғашқы кәсіби екі палаталық Парламент қалыптасқан 1995 жылдан бастап 1900-дан астам заң жобалары қабылданды. Шетелдік әріптестермен бірге заң шығармашылығы үдерістеріне халықаралық ауқымды тиянақтау жүргізілді»,-деді төраға.

Қ.Мәми атап өткендей, Конституцияға 2007 жылы енгізілген өзгерістер өкілді билік органының одан әрі күшеюін қамтамасыз етті. Парламент Мәжілісінің теңгерімді сайлау жүйесіне көшуі сайлау сипатын түбегейлі өзгертті және қазақстандық қоғам үшін маңызды шешімдерді қабылдауда саяси партиялардың әсерін нығайта түсті.

Тәуелсіз даму жылдарындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелеріне қатысты Қ.Мәми «өткен екі онжылда ішкі жалпы өнім жан басына шаққанда 14 есе ұлғайды: 700 доллардан 10 000 долларға дейін өсті» деп атап өтті және ол мемлекеттің таяу он жылға даму бағдарламалары туралы әңгімеледі.

«Біздің еліміздің Парламенті өкілді билік институты ретінде қалыптасты, оған қоса қазақстандағы парламентаризм даму үстінде», - деп атап өтті төраға және ол «демократиялық өкілді жоғарғы органның өзгерістері оның одан әрі нығаюына орай айқындалады», деді.