Венада кейуана автобус ішінде жарты миллион долларын ұмытып кетті

None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Венада автобус жүргізушісі салонның ішінен жарты миллион доллардан астам ақша тауып алып, полицияға апарып берді.

Сөмкені егде жастағы әйел тастап кеткен. Хабарланғандай, табылған сөмкенің ішінде әйелдің өмір бойы жиып-терген ақшасы болған, деп хабарлады Утро. ру.

Полиция сөмкенің иесін банк түбіртегі бойынша тауып алған. Әйел бұл ақшаны қайда жұмсамақ болғаны және жүргізушіге алғысын білдіргені не білдірмегені белгісіз.