Негізгі байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен 23 картина қатысып жатыр. Оның 13-і Еуропада шыққан.
Италия, Франция және Ұлыбритания ұсынған таңдамалы фильмдер легі француз режиссері Флориан Зеллердің «Ұл» драмасымен басталды.
Бұл фильм ата-анасының ажырасуына байланысты депрессиямен күресіп жүрген 17 жасар бала мен әкесі арасындағы қарым-қатынас жайында баяндайды.
Сондай-ақ, негізгі бағдарламаға «Моника» фильмі кірді.
Бұл - режиссер Андреа Паллаороның төсек тартқан анасына күтім жасау үшін үйіне оралған трансгендер әйел туралы түсірген америкалық-итальяндық драма.
Басты рөлде - актер Трейс Лисетта.
«Netflix» стриминг платформасы шығарған фильмдер де «Алтын арыстанға» үміткер. Биыл «Netflix» венециялық кинобайқауда төрт фильмін ұсынды.
Фото: ru.euronews.com