Жергілікті уақыт бойынша тура сағат 18.00-де Каннареджо арнасы су сахнасына айналды, онда венециялық өнер мен қолөнері көрсетілді. "CREATUM немесе Өнер және Дәстүрлер" қойылымы карнавалдың жалпы тақырыбының көрінісіне айналды.
Карнавалдың көркемдік жетекшісі Марко Маккапанидің ойынша, Creacum - бұл Венецияның ежелгі көздеріне, оның қолөнеріне қайта оралу идеясы. Карнавалдың басталып кеткеніне қарамастан, оның ресми ашылуы жүз метрлік Сан-Марко мұнарасынан «періштенің» дәстүрлі түсуімен жексенбі, 31 қаңтарға белгіленген. «Періште» образын дәстүр бойынша өткен жылы Мария байқауында таңдалған жас қыз сомдайды.
Өтетін орны - Сан-Марко алаңы. Ол жер 30 қаңтардан бастап өнер, қолөнер шеберханасына айналады. Алаң периметрі бойынша сөрелер орнатылып, шеберлердің дайындаған қолөнер туындылары ұсынылады.