Венецияда су астынан шығып тұрған алып қолдар көне мейрамхананы демеп тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Венецияда су астынан шығып тұратын екі алып қол түріндегі мүсін жасалып, ол Ca 'Sagredo мейрамханасы орналасқан көне ғимаратты демеп тұрады, деп жазады Ukraine Art News басылымы.

Support ( "Қолдау") деген атауға ие болған жұмыстың авторы италиялық суретші Лоренцо Куинн.

Суретшінің айтуынша,  бұл мүсін - ғаламдық жылыну мен соның салдарынан теңіз деңгейінің көтерілуін   еске салатын көрнекті туынды. Венеция үшін бұл өте қауіпті, дейді суретші.